Жаңалықтар

“WhatsApp” мессенджері хабарлама таратуға шектеу қояды

“WhatsApp” мессенджері мазмұны бірдей хабарламаны бес реттен артық жіберуге тыйым салды. Бұған жалған ақпараттың көп таралып кетуі және оның тұрғындар өмірін қауіп туғызуы себеп болған, деп хабарлады   Reuters.

“Қазіргі таңда біз бүкіл әлемде бес хабарламадан артық таратуға шектеу енгізіп жатырмыз”, — деді “WhatsApp-тың” саясат және байланыс жөніндегі вице-президенті Виктория Гранд.

Бұл жаңалық Индонезия астанасында өткен іс-шарада жарияланды. Мұндай шектеу Үндістанда өткен жылдың шілдесінен бастап қолданылып келеді. Оған жалған хабарламалар себеп болған. БАҚ 20-дан астам адам қылмыскерлердің қауесеті салдарынан опат болғанын жазды.
Бұған дейін мессенджерде бірдей хабарламаны 20 адамға немесе топқа жіберуге болатын еді.

Портал жазғандай, жаңашылдық 21 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Алдымен лимит Android, содан кейін iOS платформасының қолданушылары үшін енгізіледі.

 

Басқа материалдар

Back to top button