Спорт

WBC қазақстандық кәсіпқой боксшыны жазалады

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Дүниежүізілік бокс кеңесінің рейтингінен түсіп қалды.

Отандасымыз әлемдік рейтингте ХХ орында болған. Бұл боксшының жекпе-жек өткізуімен байланысты болуы ықтимал. Себебі ол соңғы рет 2021 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шыққан.

Мұның алдында Халықаралық бокс ұйымы кәсіпқой боксшыдан ұзақ уақыт белбеуін қорғамағандықтан ІВО титулын қайтарып алған болатын. Жақында қазақстандық боксшы АҚШ-та жаттыққан. Дегенмен рингке қайта оралуына қатысты нақты мәлімет жоқ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button