Коронавирус

Вирусты жеңудің  бір жолы – жауапкершілік

Бес құрлыққа тамырын  жайып, бет қаратпай тұрған короновирустың тырнағына іліккен елдердің қатары кемитін емес. Адамзат жұмыла вируспен күресіп келеді. Бірақ, әзірше деректер бұл күресте адамзаттың ұпайын түгендемей тұр. Кешегі күнгі, яғни, 19 наурыздағы дерекке жүгінсек,  әлемнің  157 елінде 219  583 адам инфекция жұқтырған. Көз жұмғандар саны – 8928, дерттен құлантаза айығып шыққандар – 84801. Ал, Қазақстанда инфекция анықталғандардың саны  – 44. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 19 наурыздағы сағат 13.00-дегі жағдай  бойынша ресми мәлімдеді. «коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұрұлтан қаласында тіркелді. Бүгінге Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді», – деп хабарлады министрлік. Баршаға мәлім, 19 наурыздың 00.00-сағатынан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары карантинде.  Ал, Қарағандыда кешегі күнге ауру жұқтырған адам анықталған жоқ.

«Біз – біргеміз»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекетке 200 миллион теңге бөледі. Қаражат Елбасының тікелей тапсыруымен бөлінуде.

“Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүзеге асып жатыр. Бұл әрекеттер қазіргі ахуалға сай және дер кезінде қолға алынды. Мемлекет теңдессіз шараларды қабылдап отыр. Қауіпті індетпен күресте отандық бизнес те қолдан келгенше көмектесуде. Мен бұл бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытуға және біз  жылық көмек пандемияға қарсы күреске жұмылған медицина қызметкерлеріне сыйақы беруге, қосымша медициналық бетперделер мен дезинфекциялау құралдарын сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, қаражаттың бір бөлігі елордадағы балалар үйлері мен мамандандырылған ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады.

Алдын алу күшейтілді

 Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда аймақта тәулік бойы карантинде 113 адам бар. Алғашқы түскендер үйлеріне жіберіле бастады. 16 наурызда стационардан алты адам шықты. Олар карантиннің толық мерзімінен өтіп, қажетті талдаулар тапсырды. Сараптама нәтижесінде ешбірінен короновирус табылмаған. Үй карантинінде – 39 адам. Тағы 284 адам – медициналық бақылауда, 273 адам – қашықтықтан бақылауда. Олардың ешқайсысында короновирус белгілері жоқ.

Жаппай елімізде індеттің алдын алу үшін шаралар күшейтілді. Мәселен, облыстың аудан, қалаларына кіре беріс жолдарда санитарлық бекеттер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мұндай бекеттер Нұра ауданында, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, партаментінің мамандары кезекшілік етеді.

 Экспресс-тесттің алғашқы партиясы алынбақ

Денсаулық сақтау басқармасы алдағы уақытта Қарағанды облысына коронавирустық инфекцияны анықтау үшін экспресс-тестілердің алғашқы партияларының жеткізілетінін хабарлады. Тесттер дәріханаларда сатылады. Вирустың бар-жоғын бір тамшы қан тамызып, тестінің көмегімен анықтауға мүмкіндік болады. Басқарма басшысының айтуынша, мұндай талдаудың дәлдігі шамамен – 80%.

Қазір басты міндеттердің бірі – коронавирустық инфекцияны анықтау жөніндегі зертханаларды ұйымдастыру. Жақын арада біз екі немесе үш сондай зертхана ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл облыстың қажеттілігін өтеу үшін жеткілікті, – деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. Қарағанды облысында жедел жәрдем мен дәрігерді шақыртулар саны ұлғаймаған. Барлық станциялар штаттық режимде жұмыс істеуде. Медициналық бетперденің жетіспеушілігін жою үшін жұмыстар қолға алынған. Айталық, “МФ Мерей” ЖШС компаниясы тәулігіне 400 мың маска өндіреді. Олар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған және басқа қалалардың дәріханаларына түседі.

 Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының басшысы бағаны негізсіз көтеріп, жеке қорғану құралдарын сатуда алыпсатарлық үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды. Мониторинг күн сайын жүргізіледі. Интернет сауда қадағаланады.

Тиімді шара – өзіңді-өзің оқшаулау

Мамандар алдын алудың ең тиімді шарасы – өзін-өзі оқшаулау екенін атайды. Халық жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуды ұсынады. Азық-түлік үшін отбасы мүшелерінің бірін жіберу, қауырт уақытта қоғамдық орындардан аулақ жүру керек. Жеткізу қызметтерін пайдаланған абзал. Дәрігерлер медициналық бетперде киіп, антисептикалық құралдарды пайдалануды ұсынады.

Қоғамдық көліктер, аялдамалар дезинфекцияланады

Ал, бұған дейін облыстың барлық автопарктері күшейтілген санитарлық бақылау режиміне көшкен, Онда жолаушы автобустарының жә­не маршруттық таксидің салондары әрбір рейс басталарда және аяқталғаннан кейін дезинфекцияланады.

Бұдан бөлек, Қарағандыда күн­­де 400-ден астам аялдама павильондары, 2000 орындықтар, жаяу жүргіншілер шақыру құрылғыларында 92 шақыру таблосын залалсыздандырылу басталды.

Мобильдік қосымшадан жедел ақпарат алуға болады

Коронавирус жөніндегі сұрақтарды Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы қоюға болады.

 – Барлық операторлар дайын, Қазақстандағы жағдай, елде қандай шаралар енгізілгені туралы жедел ақпарат алады. Қалай әрекет ету керектігі туралы да айтылады. Тиісті мәлімет медицина қызметкерлеріне беріледі, – дейді Медсақтандыру қорының Қарағанды филиалы бөлімінің бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Қазақстандықтардан медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына тәулігіне 6 мыңнан астам қоңырау түседі. Елімізде коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғалары расталғаннан кейін өтініштердің саны үш есеге өскен.

Мамандардың мәлімдеуінше, 1406 байланыс орталығының операторлары денсаулықты нығайту және коронавирустан қорғаудың негізгі мәселелері жөнінде кеңес беру үшін арнайы дайындықтан өткен.

Қызғалдақ АЙТЖАН

Басқа материалдар

Back to top button