Спорт

Универсиада-2023: Қазақстан қоржынында екінші алтын

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіру спортынан алтын медаль жеңіп алды.

Ол бірінші мүмкіндігінде 127,2 ұпай, соңғы айналымда 130,1 ұпай жинады.

Бұл – ел қоржынындағы екінші алтын. Бұған дейін биатлоншы Вадим Куралец чемпион атанған еді.

Осылайша ел құрамасы екі алтыннан кейін медальдар кестесінде 6-шы орынға көтерілді. Бұдан бұрын құрама 10-шы орында тұрған еді.

Көш басында Жапония 17 (9-6-2) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның – 9 (2-3-4), Чехияның 5 (2-1-2) медалі бар. Испания 4 (2-1-1) жүлдемен – төртінші, Канада 5 (2-0-3) жүлдемен бесінші сатыда тұр.

Қазірге дейін барлығы 20 құрама медаль алды.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button