Уланған балалардың мәселесі әлі анықталмай тұр
Осыдан біраз бұрын №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар уланған болатын. Ауруханаға жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілгенімен, өкінішке қарай, қайтыс болғандар да бар. Әзірге мәселенің мән-жайы беймәлім. Тексеру жұмыстары әлі жүргізілуде.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте осы мәселеге қатысты жауап берді.
– Балалардың жағдайы жақсы. Ауруханадан шыққаннан кейін аталған мекемеге қайта жеткізілді. Әзірге тергеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселенің қалай болып жатқаны туралы прокуратурадан сұрап, жауабын беремін. Ал, тергеу әлі біткен жоқ. Жағдай орын алғаннан кейін комиссия құрылғанын білесіздер. Оның шешімімен мекеме басшысы мен орынбасары қызметінен босатылды. Жаңа басшысы тағайындалған, – деді Ермағамбет Қабдулаұлы.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz