Спорт

Украиналық қорғаушы – «Шахтер» сапында

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының қатары жаңа ойыншымен толықты. Бұл жолы клуб басшылығы 31 жастағы украиналық қорғаушы Дмитрий Рыжукпен келісімшартқа отырды. 

Сурет: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бұған дейін футболшы бірнеше команда сапында өнер көрсеткен. Әуелі, украиналық «Динамо Киев» сапында өнер көрсетіп, 2015 жылы «Металлист» сапына ауысады. Ол жерде бір жыл ойнап, «Динамо Киев» сапына қайта оралады. 2016 жылы израильдік «Хапоэль Акко», 2017 жылы «Хафоэль Афула» сапына ауысады.

2018 жылы еліне, яғни, украиналық «Черноморец» клубына ауысып, екі жыл сол клуб сапында өнер көрсетті.

2020 жылы еркін агент болып, беларустық «Минск» командасына, бір жылдан кейін еркін агент болып көкшетаулық «Оқжетпес» сапына қосылады.

Украиналық қорғаушы «Оқжетпес» сапында 2022 жылдан бастап алаңға шығып жүр. Былтыр осы клуб сапында 22 ойын өткізген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button