Аймақ

Әуеден барлау жасады

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпановпен бірге Қарқаралы және Ақтоғай аудандарының орман шаруашылығы мекемелерінің аумақтарына ұшақпен барлау жасады.

Тау, Қарқаралы, Кент және Бақты 4 орманшылықтан тұратын Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, сондай-ақ Қу және Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылықтары әуеден тексерілді.

Аудандар мен орман шаруашылығы мекемелерінің басшылары өртке әзірлік туралы, орман шаруашылықтарының, ерікті өрт сөндіру құрамалардың және өрт сөндіру бекеттерінің қажетті техникамен, құрал-жабдықтармен, коммуникациялармен және т.б. жабдықталуы туралы баяндады.

Мемлекеттік саябақтардың, орман шаруашылығы мекемелерінің аумақтарында, автомобиль жолдарының бойында және ауыл шаруашылығы алқаптарының шекараларында минералданған жолақтарды күтудің бірінші кезеңі жүргізілді. Орманға кіре берісте шлагбаумдар, ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған.

Ағымдағы жылы Қарағанды облысында табиғи өрттерді сөндіруге 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, оның 930 млн теңгесі Табиғи ресурстар басқармасына бөлінді, оған қазірдің өзінде 349 табиғи өрттерді сөндіруге арналған жаңа заманауи техника, құрал-жабдықтар және мүлік сатып алынды, соның ішінде өрт сөндіру автомобильдері, мотоциклдер, квадроциклдер, тракторлар, қосымша қондырғылар, көп мақсатты орман күзет машиналары, жылжымалы орман кешендері, жүк тиегіштер, сөмкелік өрт сөндіргіштер бар. Сонымен қатар, облыстың 5 орманшылығында  5 орман өрт сөндіру бекетінің құрылысы басталды.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жалпы сомасы 502 млн. теңгеден астам сомаға 5 бірлік көпсалалы өрт сөндіру-құтқару техникасын, автокөліктерді қоятын орындармен қамтамасыз ету үшін 5 ангарды, өрт сөндіру және жедел-құтқару автомобильдерін сатып алуды жоспарлап отыр.

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық паркіне өрт сөндіру көлігі, трактор және арнайы техника сатып алуға республикалық бюджеттен 102 миллион теңге бөлінді.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық саябағына өрт сөндіру көлігі, трактор, 4 соқа, 4 дана бу қопсытқыш, насосы бар екі тіркеме және бүріккіш сатып алуға республикалық бюджеттен134 млн.теңге бөлінді.

Табиғи өрттерге жедел ден қою үшін облыста 45 өрт сөндіру бекеті мен 78 жылжымалы өрт сөндіру кешені жұмыс істейді. Оның ішінде ағымдағы жылы Осакаров және Қарқаралы аудандарының әкімдігі 9 кешен сатып алды.

Алдағы уақытта Ақтоғай, Шет, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкімдіктері төрт өрт сөндіру бекетін құру мен 13 жылжымалы кешен сатып алуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда облыста 6 орман өрті, 16 дала жанулары тіркелді. Барлық анықталған өрттер дер кезінде сөндірілді.

Облыста өртке қарсы жағдай тұрақты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button