Уақытпен үндестік

    Қоғам Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын қызу талқылауда. Соның ішінде, ҚарМТУ оқытушылары, «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының ұстаздары білім берудің жаңа сапасы, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән беруде.

Елбасы 10 түрлі міндетті алға қойды. Солардың бірі – рухани-әлеуметтік даму, білім жүйесі, оның дамуы өте орынды қозғалып отыр. Білім берудің барлық кезеңінде математика және техникалық ғылымдарды оқыту сапасын арттыру да кезек күттірмейтіні баршаға мәлім.

Президент айтқандай, оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік білікті ғалымдарды тартып, металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологияларсалаларды зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек.

Біздің университет техникалық оқу орны болғандықтан, «Нанотехнология және металлургия» кафедрасы «ИИДМБ-2» бағдарламасын жүзеге асырудың аса маңызды шарты – ҚР өнеркәсіптері мен «ИИДМБ-2» салаларына қажетті жоғары білікті, сұранысқа ие мамандар дайындауда.

Нұрлан АЙТБАЕВ,

ҚарМТУ-дың І курс

докторанты.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.