Басты тақырып

Туризм қарқын алуда

    Аймақ басшысы       Ерлан ҚОШАНОВ Ақтоғай ауданындағы жұмыс сапарында жергілік экотуризмнің дамуымен танысты. Облыс әкімі биыл 50-ге жуық шет ел азаматын қабылдаған «Сұлу тас» қонақ үйіне арнайы барды.

Шабанбай би ауылының тұрғыны Асқар Мұратов осыдан үш жыл бұрын 10 адамға шақталған ұлттық нақыштағы қонақ үй ашқан. Туристік жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қолдау тапқан.

Қазір шет елдік туристер керемет қонақ үйлерде тоқтағылары келмейді. Олар біздің тұрмысымызға қызығушылық танытады, біздің табиғатымызға таң қалады. Шет елдіктерге қазақтың тағамдары өте ұнайды. Біз оларды халқымыздың болмысымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыруға тырысамыз, – дейді қонақ үйдің қожайыны.

Ниет білдіргендер киіз үйге де жата алады. Қонақтарға арналған ас мәзірі толықтай экологиялық таза ұлттық тағамдардан құралған.

Ауыл кәсіпкері биылғы жылы «Nomadic Travel Kazakhstan» туристік компаниясымен келісімшартқа отырған.

Бұл «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанының бір мысалы, – деп атап өтті Ерлан Қошанов. – Осындай кәсіпкерлікті дамытып, оған қажетті көмек көрсету керек.

Шабанбай би ауылынан үш шақырым қашықтықта, тау баурайында «Арай» демалыс лагері орналасқан. Қазіргі таңда ол қайта қалыпқа келтіруді қажет етеді. Облыс әкімі өзінің орынбасарлары мен басқарма басшыларына бұл мәселені қарастыруды тапсырды.
Жергілікті ақсақалдар аймақ басшысынан жолдарды жөндеп, Шабанбай және Қызыларай ауылдарына қатынайтын көлікті реттеуді өтінді. Биылғы жылы Ақтоғай ауданында жалпы ұзындығы 396 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар жолдар жөнделеді. Бұл бағытқа 77,9 млн. теңге бөлінген. Ал, Қызыларай ауылына автобус рейсін өткізу мәселесін Ерлан Қошанов жолаушы тасымалдаушы мекемелердің басшыларымен шешуді тапсырды.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button