Жаңалықтар

Туристік индустрияның тың серпіні

Қарағанды облысының туристік индустриясы «ЭКСПО-2017» көрмесіне әзір. Бұл туралы кезекті басқосуда мәлім болды.

Туризм саласындағы мүмкіндіктер сараланған дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы әкімдігінің, Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлік басқармасының, «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдері, «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымының жетекшілері қатысты. Сондай-ақ, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Қарағанды туристік компанияларының жетекшілері де жиынға арнайы шақырылды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай әрекеттер туриндустрия қызметкерлерінің жұмысын белсенді жүргізуге әрі «ЭКСПО-2017» көрмесінің келушілеріне үздік қызметтерін ұсынуға көмектеседі.

Әзірлеген: Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button