Жаңалықтар

Цифрлы экономикаға – техникалық кадр

«Индустрия 4.0» жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған мәселелер бар. Оларды шешуде еліміздің жоғары оқу орындары белсенді қатысуы қажет. Атап айтар болсақ, өндірістік процестерді жаңғырту, еңбек өнімділігінің деңгейін арттыру және заманауи бизнес-модельдерді игеру, ресурстарды олардың жоғары энергия тиімділігі және экологиялылығы кезінде қайта өңдеу процестеріне инновациялық ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу, көлік және логистикалық инфрақұрылымдарды, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, денсаулық сақтауда жаңа технологияларды қолдану, инфрақұрылымды басқаруда интеллектуалды жүйелерді құру, “Смарт сити” технологияларын енгізу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Аталған міндеттер ел өмірінің технологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспектілерін жаңғыртуға бағдарланған және Төртінші өнеркәсіптік революцияның бірыңғай платформасына негізделеді.

Қазақстанның ресурстық әлеуеті сарқылмақ емес, бірақ оны жаңа технологиялық құрылыс – 4.0 арнасында тиімді пайдаланудың өмірлік маңызы бар, оның негізі Интернетті, бағдарламалық жүйелерді, «үлкен мәліметтерді», «ақылды фабрикаларды», автоматика және роботты техника жүйелерін біріктіру. Ал, бүгінде дамудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша құрылған өндірістерде жаңа буынның интеллектуалдық жүйелері кеңінен қолданылуда.

Біздерге, ғалымдарға және педагогтарға экономиканы жаңғырту процесіне белсенді қатысу, білім беру процестерін оның даму екпінімен үйлестіру, ертеңгі мамандарды дайындау қажет. Мемлекет кәсіпорынның нақты өнеркәсіптік және техникалық міндеттерін шешуге бағытталған, мамандарды дайындаудың және бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларын дамытуға айтарлықтай қаражат бөлді.

Соның ішінде, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне конкурстық негізде МИИДБ-2 аясында бейінді магистратураның 16 эксперименттік білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды дайындау тапсырылды. Барлық бағдарламалар 2015-2019 жылға арналған Қарағанды облысын индустрияландыру Картасына енетін нақты жобаларға тіркелген. Бұдан басқа, бағдарламаларға «Индустрия-4.0» технологиясының элементтері бар МИИДБ-2 міндетінің инновациялық сипатын бейнелейтін пәндерді зерделеу енгізілген.  Оқу процесін жүзеге асыру үшін соңғы үлгідегі оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары құрылды, жалпы сомасы 380 млн. теңгеден тұратын, «Agilent Technologies» (АҚШ), «Carbolite Gero» (Ұлыбритания), «Eltra» (Италия), «Retsch» (Германия), «Radwag» (Польша), «Geokrak» (Польша) сияқты әлемдік көшбасшылардың бірегей жабдықтарымен жарақталған.

Қазіргі уақытта ҚарМТУ-даМИИДБ-2 бағдарламасы бойынша бейіндік магистратураның 13 мамандығында 864 магистрант оқиды.  2017 жылы қаңтарда «Робототехника. Басқару жүйелері» және «Металлургиядағы нанотехнология» бағдарламалары бойынша 2015 жылы қабылданған 120 магистранттың бірінші түлектері шығарылды.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университет цифрлеу негізінде әрекет ететін 8 инженерлік құзыреттілік орталығын құрды және оларды дамытуда, Корпоративтік Университет ұйымдастырды, оның құрамына Қазақстанның құрылым түзетін кәсіпорындары кірді, олар: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Қазақтелеком» Қарағанды ОДТ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Borusan Makina Kazakhstan» ЖШС, «Соколов – Сарбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «ERSAI Caspian Contractor LLC» Компаниясы және басқалары, сонымен бірге Ресей (Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті, Орал федералды университеті)  және Белоруссияның (Белоруссия ұлттық техникалық университеті) ЖОО.

Университет тау-кен ісін, машина жасау, құрылыс, энергетика және автоматтандыруды оқытқанда және инновациялық жобалар кезінде Сименс, Лейко геосистем, Шнейдер-Электрик, Мицубиси-Электрик, Фесто және басқа концерндердің техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуін қоса алғанда сандық технологияны белсенді түрде дамытады және әлемдік жетекші өндірушілердің сандық жабдықтарын енгізеді.

Рейн-Вестфаль техникалық университеті (Германия),  Лотарингия және  Нанси университеттері (Франция), Вена технологиялық университеті (Австрия), ҰЗУ Мәскеу энергетика институты, ҰЗУ Ұлы Петрдың Санкт-Петербург политехникалық университеті, ҰЗУ Мәскеу болат және қорытпа институты, Информатика, нақты механика және оптика ҰЗУ, ҰЗ Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы) сияқты шетелдің көшбасшы ЖОО жемісті серіктестігі оқытушылардың біліктілігін арттыруға, магистранттардың машықтануын ұйымдастыруға, «цифрлы дәуірдің» ағымға сәйкес жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге, оқу-әдістемеліктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жаңа Жолдау – бұл «цифрлы дәуір» өнеркәсібі үшін инновациялық жобаларды және трансферттік технологияларды жүзеге асыру, білікті кадрларды даярлау негізінде индустриялдандырудың үшінші бесжылдығына тікелей қатысу бойынша бізге нақты міндеттерді қоя отырып әрекет ететін нұсқаулық.

А.ИСАҒҰЛОВ,

ҚарМТУ бірінші проректоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button