Жаңалықтар

Цифрлық дәуір – ел көркеюінің көрінісі

Елбасы меңзегендей, шынында да жаппай цифрландыру жаңарту мен жаңғыруға алып баратыны сөзсіз, әр сала түбегейлі өзгеріске ұшырайтынын білеміз. Осы «Цифрлық Қазақстанға» айналу жолында арнайы бағдарламаның іске асып, мүмкіндіктер мен іс-шаралардың алға қарай өрбігенін қалаймыз. Халыққа оңтайлы қызмет көрсетіліп, электронды үкімет пен бір терезе жобаларының жүзеге асуы бүгінгі күннің талаптарын ұштағандай. Белсенділік пен серпін бар.
Әлемдік тәжірибеде, еуропалық елдерде озық бұл технологияның дамуы қарқын алуда. Біздің елде де технологияны игеру деңгейі өсіп келеді. Медицина, білім салаларында мейлінше технология үдеп келеді. Жалпы, әр салада болсын жүйелеу жұмыстарының жетілдірілуі белең алып келеді.
Мемлекетіміздің жаңа заманға ілгерілеп, заманауи ілкімді істерге ілесу шаралары шама-шарқынша жандануда. Технологияны игеру деңгейінің қалыпты жағдайы дамуымызға үлесін қосады. Осы тұрғыда біліктілікті арттыру мақсатында да оқыту шараларының іске асуы діттеген жаңа технологияны пайдалануға толыққанды жетуімізге септігін тигізеді.
Қазіргі кездің өзінде қоғамдағы даму өрісінің кеңеюі – цифрлық дәуірдің айқын көрінісі деп білемін.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында экономикалық және әлеуметтік жағдайымыздың өзгерістерге толы екені баса айтылды. Бұл бағытта индустрияландыру – жаңа технологияларды енгізудің бастаушысы болып, «Цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға зер сала отырып, жаңашылдық пен тың идеялардың көп болуын баса айтып, өнеркәсіпті цифрландыру экономиканы экспортқа бағыттайды» деп айқындап берді. Алға қарай нық басқан әр қадамның кілті цифрлық технологияда екенін атап өтті.
Осы орайда, ең басты негізгі бағыт – цифрлық дәуір. Мемлекеттік басқару, агроөнеркәсіп болсын, өзге де салаларды дамытуға технологияларды енгізуге аса назар аударуымыз – өркендеуіміз үшін жүйелі жұмыстарымыздың жалғасы, ел көркеюінің көрінісі бола бермек.

Ербол БАЗАРБЕКОВ,
Қарқаралы аудандық
Әділет басқармасы
басшысының міндетін
атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button