Жаңалықтар

Транзиттік әлеуетті дамытудағы іргелі істер

    Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамыту – мультимодальды көлік дәлізін құрудағы негізгі бағыттың бірі болып табылады. Осы бағытта Қазақстанның Қытай және Еуроодақ сияқты ірі сауда серіктестерінің арасындағы тиімді географиялық орны ерекше маңызға ие болуда. Бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық көлік-коммуникациялық ағымына енуіне мүмкіндік береді.

2017 жылды қорытындылай келе, жол құрылысы мен көлікті дамыту саласында үлкен жұмыс көлемі орындалғанын сенімді айтуға болады. Осылайша, соңғы жылдары облыста 4300 км жуық жол жөнделді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту аясында 2017 жылы Қарағанды облысында жалпы сомасы 33,5 млрд. теңге болатын жалпы пайдаланымдағы 863 км автомобиль жолына жөндеу жүргізілді. Соның ішінде, 386 км (15,2 млрд. теңге сомасына) жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелері болып табылады. Жол жөндеу нысандарында 2 000 аса жұмыс орны құрылып және 600 бірлік техника жұмылдырылды.

2017 жылы жөндеу жүргізілді:

республикалық маңызы бар автожолдарда 477 км жолдың жөндеу жұмыстары аяқталуда. Құны – 18,3 млрд.теңге.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қарағанды облысы өңірінде қайта құру мен жаңадан салуға 669 км жол тиесілі.

Қарағанды облысы аймағында «Анар – Теміртау» учаскесінде жалпы қашықтығы 93 км жол аяқталды және пайдалануға тапсырылды.

облыстық маңызы бар автожолдар бойынша 61 км-де жөндеу жұмыстары аяқталды және 3 көпірді қайта құру жұмыстары жалғастырылуда, осы мақсатқа 3,5 млрд. теңге бөлінді. Қарағанды қаласында жалпы сомасы 5,6 млрд. теңгеге 150 км жол жөндеумен қамтылды.

мақсатты транферттер есебінен қалалар мен аудандарға облыстық бюджеттен 4,4 млрд. теңге бөлінді және 111 км жолға жөндеу жүргізілді, сонымен қоса қалалар мен аудандардың жергілікті бюджет есебінен 3,3 млрд.теңге сомасында қаражат бөлініп 64 км жолдарға жөндеу жүргізілді.

Қашықтығы 17 км болатын және аяқталуы 2018 жылға көзделген «Абай-Қарабас-Жартас-Долинка», сондай-ақ, қашықтығы 20 км құрайтын «Ақтоғай-Балқаш» жолдарының 2 учаскесінде жұмыстар жалғастырылды.

Сонымен қоса, 2015 жылы су тасқынынан қираған 4 көпірді қайта құру жалғастырылуда. (Тасқын салдарынан 2015 жылы барлығы 4 көпір қираған болатын)

Нұра ауданындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында Құланөтпес өзені арқалы көпірді қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Орташа жөндеу бойынша 55 км жолда жұмыстар толығымен аяқталды, оның ішінде Жезқазған және Балқаш қалаларының әуежайларына кіреберіс жолдар да бар.

Өткен жылы Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш сияқты ірі қалалардың автожолдарын жөндеуге ерекше көңіл бөлінді. Осы қалаларда барлығын қосқанда 220 км-ден аса жолдар жөнделді, оның ішінде 150 км облыс орталығына тиесілі.

Сонымен қоса, басқарма тарапынан облыстық маңызы бар жолдар желісін күтіп ұстау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіледі. Олардың орындалуы көлік құралдарының қауіпсіз және тоқтаусыз жүріп тұруын қамтамасыз етеді.

Мердігер ұйымдармен қысқы күтіп ұстау аясында біршама іс-шаралар жүргізілуде, дәлірек айтсақ 138 бірлік техника, қазандығы бар 19 жылыту орны, 65 тонна ЖЖМ (52 тонна ДЖ, 13 тонна бензин) және 300 м3 аса құм тас пен қыйыршақ тас материалдар әзірленді. 150 уақытша жол белгілері орнатылды.

Жол-құрылысы жұмыстарын жүргізу барысында олардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қала бермек. Осыған байланысты, обыстық маңызы бар автожолдар желісінде қолданылатын бес сатылы бақылаумен қатар, облыс әкімімен бекітілген сапаны бақылау жүйесі жүзеге асырылды. Бұл жүйе тек жұмыс өндірісі барысын бақылап қана қоймай, асфальттық қоспаны іріктеу процесін және қолданылатын материалдардың сапасын қадағалауға мүмкіндік береді. Аталған бақылау жүйесінің негізгі аспектісі битумды кешенді химиялық сараптамадан өткізу болып табылады.

Облыстың автомобиль жолдарын жөндеу кезінде қолданылған материалдарға жүргізілген сынама хаттамаларына сараптама жасау бойынша бір қатар жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жол-құрылысы маусымының басынан бері 103 сынама жүргізіліп 5-і бойынша ҚР ММСТ және СТ талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Осындай фактілерді дер кезінде анықтау оларды жою бойынша жедел шара қолдануға мүмкіндік берді.

Кешенді химиялық сараптамамен сапаны бақылау жүйесі бойынша жұмыстар осы жылы да жалғасатын болады.

2018 жылы жөндеу жұмыстарына – 39,1 млрд.теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарымен жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының 798 км қамтылатын болады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, жол саласында ең ауқымды жобалардың бірі «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта салу жобасының жалғастырылуы болып табылады.

Ағымдығы жылдың соңында жалпы құны 11 млрд.теңгеге қашықтығы 15 км Қарағанды-Теміртау учаскесінің жұмысын аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қоса, осы жылы Қарағанды қаласының Солтүстік-шығыс айналма жолын қайта салу жалғастырылатын болады. Айналма жолдардың қашықтығы 48,3 км құрайды. Екі жол бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы құны 35,1 млрд. теңге.

Сомасы 6,2 млрд. теңге болатын 5 көлік айрығының құрылысы жүргізіледі.

Жоғарыда аталған қайтау құру жұмыстары болашақта облыс орталығындағы көше-жол желісі бойынша транзиттік көлік қозғалысын шектеп және транзиттің көліктердің жолда болу уақытын үнемдейді.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру облыстың барлық жол-құрылысы саласын дамытуда жаңа серпін беріп, жол-құрылысы материалдарының өндіріс көлемі артып және жаңа жұмыс орындары құрылды. Автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі жоғарылады. Автожолға жақын елді мекендер мен аймақтардың экологиялық жағдайы жоғарылап, сонымен қоса, облыс пен республикада заманауи және сапалы жол бойындағы қызмет көрсету сервистері бар көлік-логистикасының дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Облыстың транзиттік дәліздері шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын түйін болып табылады. Сол себепті басқада жолдың маңызды бағыттарына үлкен көңіл бөлінуде.

Жалпы қашықтығы 231 км болатын «Қарағанды-Жезқазған» автомобиль жолының учаскелеріне орташа жөндеу бойынша жұмыстар жоспарланған, сонымен қоса туристік кластерлерді дамыту мақсатында Қарқаралы бағытында қашықтығы 22 км және Баянауыл бағытында Павлодар облысының шекарасына дейін 34,6 км қашықтықта суық ресайклинг әдісімен жолдар жөнделетін болады.

Сала үшін басты міндеттердің бірі облыстың үлкен қалаларын жақын елді мекендермен көлік арқылы қатынасын дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған орай, ағымдағы жылы жол-жөндеу құрылысы жұмыстарына облыстық бюджеттен 20 млрд.теңгеден астам қаражат бөлініп отыр, осының аясында облыстың және ауданның автожолдарында 2015 жылы тасқыннан қираған 4 көпірді қайта салу бойынша жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Қашықтығы 17 км болатын Қарабас-Жартас учаскесінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып және Ақтоғай-Балқаш учаскесінің 20 км-де күрделі жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.

Аймақішілік мобильділікті одан әрі дамыту үшін сметалық құны шамамен 19 млрд.теңге болатын 3 көпірді және жергілікті жол желісінің 100 км учаскесін қайта салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қоса, облыс әкімінің қолдауы арқасында, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 18 елді мекеннің автомобиль жолдарын жөндеуге қаражат бөлініп отыр, бұл өз кезегінде 230 км ауылішілік және аудандық жолдарды жөндеу жұмыстарымен қамтитын болады.

Аймағымыздың жолаушылар көлігі саласын дамыту бойынша да белсенді жұмыс атқарылуда.

Облыста 247 автобус маршруты ұйымдастырлған. Аталған маршруттарда жалпы саны 1600 бірліктен астам қозғалмалы құраммен 61 тасымалдаушы қызмет көрсетеді.

Халық саны 100 адамнан асатын 338 елді мекеннің 210-ны немесе 62,1% тұрақты автобус қатынастарымен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы ауылдық-елді мекендердің тұрақты автобус қатынастарымен қамтамасыз етілу деңгейін жоғарылату бойынша жұмыстар өз жалғасын табады.

Теміржол жолаушылар көлігі саласында да бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Облыс басшылығының қолдауының арқасында 2017 жылдың соңында «Қарағанды-Жезқазған» теміржол бағытымен жолаушылар тасымалын қайта бастау мәселесі шешіліп, осы мақсатқа облыс бюджеті есебінен 236 млн. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Аталған пойыздың жүруі Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының облыс орталығымен көліктік қатынасына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Облыстың көліктік құрылымындағы негізгі элементтердің бірі – Қарағанды қаласының теміржол вокзалы. Өткен жылы облыс әкімі Е.Қошановтың басшылығымен вокзалдың қазіргі ахуалына байланысты өзекті мәселе өз шешімін тапты. 2017 жылдың соңында «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ қаражаты есебінен вокзал ғимаратын қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды. Эскизді жоба Қарағанды қаласының қалалық құрылыс кеңесімен, облыстық қоғамдық кеңес және уәкілетті органдармен келісілді. 2018 жылдың мамыр айында қайта жаңарту жұмыстары басталады деп жоспарлануда.

Қайта жаңарту жобасы қосымша күту залын, перрондардың үстінен қалқа және конкорстық өткел, тексеріп-қараудың жеке бөлмесін салу, эскалаторлар орнату және басқа да жұмыстарды атқару арқылы жолаушыларға барынша қолайлы жағдай туғызуды көздейді.

Облысымыздың ең ірі және стратегиялық маңызды нысандарының бірі болып халықаралық «Сары-Арқа» әуежайы болып табылады.

Әуежайдан Мәскеу, Алматы, Өскемен, Қызылорда қалалары бағытында әуе рейстері жүзеге асырылады. Оған қоса, 2017 жылдың қазан айында Ресей Федерациясының Новосибирск қаласына рейстер қайта басталды. 2017 жылдың жазғы мезгілінде Қарағанды-Анталия, Қарағанды-Батуми бағыттарында тұрақты әуе рейстері бойынша жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, облыс үшін Жезқазған және Балқаш қалалары әуежайларының да маңызы ерекше. Өткен жылы ҚР Қорғаныс министрлігі Балқаш әуежайының ұшып-қону жолағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған орай, осы мақсатты жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге қаржы бөлінеді жоспарлануда.

Қазіргі уақытта күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасы Мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Күрделі жөндеу жұмыстарын биылғы жылы бастау көзделіп отыр.

Күрделі жөндеуден кейін аэродромда еш шектеусіз ұшу массасы 210 тоннадан кем емес 1-санаттағы ұшақтарды қабылдау мүмкіндігі туады.

Жалпы өткен жылда атқарылған жұмыстар өзінің оң нәтижесін бергені сөзсіз. Өз кезегінде жолаушылар тасымалы саласының сапасын артыру бойынша шаралар 2018 жылы да өз жалғасын табатын болады.

Ә.ХАЛТОНОВ,

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button