Топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізеді

Бүгін хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы Лейк-Плэсидте өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізеді. Кешкі сағат 20:30-да отандастарымыз АҚШ жастарына қарсы ойнайды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы топтық кезеңде 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жеткен. Осылайша олар 12 ұпаймен топтық кезеңде көш бастап тұр. Бұдан кейін Словакия 9 ұпаймен  (4 матч) – ІІ орында. АҚШ – 6 ұпаймен (3 матч) – ІІІ орында. Венгрия – 6 ұпаймен (4 матч), Оңтүстік Корея – 0 ұпаймен (3 матч), Ұлыбритания – 0 ұпаймен (4 матч) одан кейінгі сатыда. Ал, бірінші және екінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.

Оrtalyq.kz