Спорт

Толағайлар бабын тапқан

Пауэрлифтинг секциялары Алматы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Қызылорда қалаларында ашылған. Кезінде Алматыда өткен республикалық чемпионатта қарағандылықтар – В.БОХАНОВ пен Ф.ТОСУНИДИ КСРО чемпионы атанған еді. Қазіргі таңда бұл спорт түрінің дамуына күш салып, шәкірт тәрбиелеп жатқан жаттықтырушылар бар. Солардың бірегейі пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санаттағы жаттықтырушы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Алексей НОГАЙ.

1899 жылы 35 жасар Балуан Шолақ 51 пұт, яғни – 830 келілік кір тасты көтеріп, жиналған жұртшылықтың аузын аштырып, таңдайын қақтырған екен. Бүгінде «пауэрлифтинг» деген атпен бұқаралық сипат алған спорт түрі Балуан бабалардан қалған мұра іспетті. Қазақстандағы пауэрлифтинг 1988 жылдан бастап дамыған көрінеді.

Алексей айтулы спортқа 18 жасында келіпті. Оған дейін бірнеше спорт түрлерімен айналысып көрген. Белгілі былғары қолғап шебері, әкесі Роберт баласын жас күнінен спортқа баулыған. Қалың жұрт тайлы-таяғы қалмай тамашалайтын футбол, баскетбол мен волейбол, бокс пен күрес түрлері мыңдаған жасөспірімді өзіне сиқырлай тартып тұрған шақ-тын. Бірақ, спортшының көздегені ауыр атлетика болды. Зілтемірші көңіл қалауымен 2004 жылы күзде, ауыр атлетикадан Қазақ ССР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Э.Кимнің қол астына келген. Көп ұзамай жақсы нәтиже көрсете бастайды. 2007 жылы қалалық біріншілікте топ жарады. Ал, 2008 жылы спорт шеберлігіне үміткер болды. 2012 жылы Қазақстан Республикасының спорт шебері атанып, Азия чемпионатында ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, 2016 жылы жарыс жолында жақсы жетістікке жеткен спортшы пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанады.

Кейіпкер 2010 жылдан бастап, Балқаш қаласындағы «Металлург» стадионында жаттықтырушы болып еңбек етіп келеді.

– Жаттықтырушы бізді пауэрлифтинг спортына баулыды. Онда үш түрлі жаттығу жасап, зілтемірді желкеге қойып отырып-тұру, жатып сығымдау жəне бел жазылғанша зілтемірді жерден жоғары тарту арқылы көтеру. Бар-жоғы 3 жылдың ішінде жарыстарға қатысып, I-II орындарды бірнеше рет ұтып Ертең – Спорт күні Пауэрлифтинг секциялары Алматы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Қызылорда қалаларында ашылған. Кезінде Алматыда өткен республикалық чемпионатта қарағандылықтар – В.БОХАНОВ пен Ф.ТОСУНИДИ КСРО чемпионы атанған еді. Қазіргі таңда бұл спорт түрінің дамуына күш салып, шәкірт тәрбиелеп жатқан жаттықтырушылар бар. Солардың бірегейі пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санаттағы жаттықтырушы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Алексей НОГАЙ. алдым. Енді, өзім шәкірт тәрбиелеп жатырмын. Шәкірттерім – Виталий Михалёв, Саян Абдуалиев пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Бүгінде Қарағанды облысының құрамасының сапында жүрген Изабелла Исабекова, Руслан Ултыкеев, Александр Зима – осы сында түрлі салмақ дәрежелері бойынша топқа түсіп жүрген спорт шеберлері. Солардың қатарында ерекше додаларды бағындырып жүрген Арайлым мен Қызғалдақ Дүзелбаевалар бар. Пауэрлифтинг өңір бойынша дамып, оң нәтиже көрсетіп келе жатқан спорт түрі. Әрине, оның барлығы жеңімпаз спортшылардың арқасында, – дейді Алексей Ногай.

Балқаштық спортшылар алдағы уақытта өтетін жарыстарға қатысу үшін шеберліктерін шыңдап, дайындықтарын пысықтауда. Бапкердің айтуынша, байрақты бәсекеде оның 15 шәкірті бақ сынайтын болады.

– Алексей Ногай – пауэрлифтинг спорты бойыншы облыстағы үздік бапкерлердің бірі. Мен ол кісіден спорттың қыр-сырын үйреніп жатқаныма қуанамын. Әрбір жарыс сайын айтатын ақыл-кеңестері мен үшін бағалы, – дейді зілтемірші Аманжол Баубеков.

Талай спорт саңлақтарын спортқа икемдеп, жеңімпаз болып, жарқын жеңістерге жетуіне тер төккен жаттықтырушы Алексей Ногайдың еңбегі ерен. Елімізде енді ғана дамып келе жатқан бұл спорт түрін жас спортшыларымыз игеріп, тек қаламыздың ғана емес, еліміздің де намысын қорғайтынына сенім зор. БАЛҚАШ қаласы.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Back to top button