Жаңалықтар

«Тобылмен» тең ойнады

    Қазақстан чемпионатының ХХХІІ туры шеңберінде «Шахтер» Қарағандыда қостанайлық «Тобылды» қабылдады. «Шахтер» стадионында кездескен қос қарсылас тең есеппен тарқасты. 1:1.

Ойындағы есепті қостанайлықтар ашты. «Тобыл» қатарындағы Жасұлан Молдақараев 10-шы минутта командасын алға шығарды. 0:1.

Десек те, ойын бойы шабуылға ден қойған қарағандылықтар таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. 83-ші минутта Молдақараев айып алаңында Милан Стояновичті шалып құлатты. Төреші айып добын белгіледі. Өз кезегінде Стоянович ала допты қақпаға тоғытты.

86-шы минутта «шахтерліктер» қатары кеміді. Төреші екінші мәрте ескерту алғаны үшін Якуб Хлебоунді ойыннан шығарды. Әйтсе де, қарағандылықтар «тобылдықтар» қарқынына төтеп беріп, таблодағы көрсеткішті сақтап қалды.

Сөйтіп, қарсыластар ұпай бөлісіп тарасты. «Тобыл» 44 ұпаймен 5-ші сатыдан орын алды. Ал, ұпай санын 40-қа жеткізген «Шахтер» 6-шы сатыны меншіктеді.

«Шахтер» алдағы турда «Ертіспен» ойнайды. Матч 5 қарашаға белгіленген.

Нұрқанат ҚАНАФИН

 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button