Жаңалықтар

Өткен күндер өнегесі

Қазіргі таңда еліміз Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлемде де достық пен бірліктің символына айналды. Бүгінгі Қазақстан – көптеген мәдениеттердің, ұлттар мен ұлыстардың басын қосқан құтты мекен. Солардың барлығы бізбен бірге өсіп-өркендеп, біте қайнасып, жаңа күйге енген Ұлы Дала Елінің іргесін нығайтуға атсалысуда.

Ынтымақ, бірлік – өркендеу кепілі. Арамыздағы достық пен ынтымақтастақтың арқасында көптеген биіктерді бағындырдық және болашағымыздың бүгінгіден де зор әрі табысты болатындығына сенімдімін.

Қазақстандықтардың жаңа буын өкілдері үшін қуғын-сүргін мен жер аударудың қасіреті тарихтан таныс. Біз тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында тудық және бүгінгі таңда табысты даму, жаңашылдық бастамаларды игеріп, жанымызға жақын сүйікті істермен айналысу мүмкіндігіне ие болдық.

Біз, Қазақстан жастары, қазақ жеріне күшпен қоныстандырылған өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытқан ата-бабаларымызды үлгі тұтамыз. Көпұлтты орта пайда болған кезеңдерге құрметпен қараймыз, сондықтан да «жақсылық», «мейірімділік» және «жанашырлық» деген ұғымдарды ерекше ықыласпен және түсіністікпен қабылдаймыз. Ұлы Даланың, Мәңгілік Елдің өскелең ұрпағы ретінде жеріміздің игілігі, халқымыздың ертеңі үшін ерен істерді еңсеруге мүдделіміз.

Тимур ЖҰМЫРБАЕВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button