Спорт

Тізім түзілді

    Биылғы Қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын қарағандылықтар есімі анықталды. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында  өтетін ойындарға Екатерина АЙДОВА бастаған бірнеше конькишіміз аттанады.

Конькимен жүгірушілер федерациясы жариялаған тізімде Екатерина Айдова бар. Қарағандылық бойжеткен 500, 1000, 1500 метрлік сындарда жарысқа түседі.

Сондай-ақ, Роман Креч – 500 және 1000 метр, Денис Кузин, Станислав Палкин, Федор Мезенцев – 1000 және 1500 метр, Артем Крикунов – 500 метр қашықтықта сынға түседі. Айта кетейік, Роман Креч пен Станислав Палкин Олимпиадаға қосалқы құрамда барады.

Шаңғы спортында Сергей Малышев жарыс жолына шығады. Ал, шаңғышы қыз Анна Стоянның Ойындарға қатысуы жақын күндері белгілі болмақ. Ол Олимпиада жолдамалары сарапқа салынатын халықаралық жарыстарға қатысуы тиіс.

Тізім түзілді. Жерлестерімізге сәттілік тілейік.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button