Тіл жанашырына арнады

   Қалалық №41 мектепте Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 145 жылдығына орай «Тіл түрлеген ғалым» атты танымдық кеш өткізілді. Кеш мақсаты – қоғам қайраткерінің шығармашылығынан кеңірек мәлімет беру.

Кеште халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан топтың рухани көсемі болған А.Байтұрсынұлы жайлы көп мағлұматтар берілді. Оқушылар төл әдебиетімізді өзінше түрлеген, Абайдың ақындық ізін жалғастырушы қаламгердің сан саладағы еңбектеріне тоқталып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Жалпы, Ұлы тұлғаның туған тілге деген құрметі жоғары болды. Қазақ әліпбиінің атасы Ахаңның еңбектері еленбей қалған жоқ. Жарыққа шыққан еңбектері жайлы кітап көрмесі ұйымдастырылып, мектептің 7 сынып оқушысы Айзада Бакраева «Екі жирен», 5 сынып оқушысы Іңкәр Қабдуллаева «Аққұм» әнін орындады. Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұраны толық игеріп, қайраткер көтерген ұлттық идея биігінен көріну – бүгінгі ұрпақ алдында тұрған басты міндет екенін ұмытпау оқушыларға баса айтылды. Кеш соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тлеубаев өз пікірін білдіріп, қайраткер өміріне тоқталды.

Марина ЖАРЫЛҚАПОВА,

41 мектептің кітапханашысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.