Қарағанды

Тіл мен тарихты терең меңгерген

   Қалалық білім бөлімінің жоспарына сай, орыс сыныптарында оқитын ұлты қазақ ер балалар арасында IX қалалық «Ана тілі сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара қаламыздың №25 жалпы білім беретін орта мектепте өтті. Оған қаламыздың 25 мектебінен 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты – ұлы педагог, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин мен тіл білімінің майталманы, аудармашы, ақын Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын дәріптеу, өнеге ету және қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Байқау нәтижесінде, №15 және №56 мектеп оқушылары топ жарды.

Сондай-ақ, орыс тілінде білім беретін мектептердің 3-8 сыныптарында оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында І қалалық «Тәуелсіздік – тірегім» жазба жұмыстары байқауы өтті.

Оған 44 білім беру ошағынан 84 оқушы қатысты. Көптеген оқушылар өздерінің жоғары білім деңгейін көрсетіп, өзара жеңімпаздарды анықтады. Көш бастағандары қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

Күмісай БҮРКІТБАЕВА,

33 мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button