Жаңалықтар
«BapyMining» ЖШС еңбеккерлері саяси науқаннан сырт қалған жоқ
Үздіксіз өндіріс желісінде еңбек ететін кеншілер мен металлургтер де бүгінгі тарихи сәтте өз таңдауларын жасауға үлгеріп жатыр. Мәселен, темір кенін өндірумен және байытумен айналысатын «BapyMining» кәсіпорнының ұжымы жоғары азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскесіне біркісідей келді.

Кәсіпорын жұмыскерлері Мойынты кентіндегі №623 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады. Ауыр өндіріс саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген кеншілер мен мамандар өңірдің дамуы мен туған өлкенің өркендеуіне бейжай қарамайтындарын іспен дәлелдеді.
Ұжым мүшелерінің айтуынша, әрбір азаматтың дауысы – туған жердің ертеңгі дамуына қосылған қомақты үлес. Сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келген өндіріс озаттары әріптестерін де маңызды науқаннан қалыс қалмауға шақырды.
Ел игілігі жолында тер төгіп жүрген «BapyMining» ұжымының бұл қадамы – еңбекқорлық пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісі.
Назар ӘЛІ
“Ortalyq Qazaqstan”
Шет ауданы



