Жаңалықтар

Тігін кәсіпорнының тың қадамы

              Қарағандыда «Балаларға арналған спорт киімінің үздік дизайнері» атты алғашқы қалалық байқау өтті. Аталған байқауды Қарағанды қалалық әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «PROImage» event» агенттігі ұйымдастырды. Бұл жоба жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткерлерден келіп түскен өтінімдер көп болған. Алайда, байқау шартын, тек, төрт кандидат қана орындай алған. Олардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалады.

Бұл байқау Қарағандыда алғаш рет өтуде. «Фортуна» тігін фабрикасының бас демеушілігімен ұйымдастырылды. Дизайнерлерге байқау жұмыстарын орындауға арналған барлық қажетті материалдар ұсынылды, – дейді байқау ұйымдастырушысы Ирина Нечаева. – Жеңімпаз үшін бас жүлде – оның топтамасын тігін фабрикасында жаппай шығару мүмкіндігі мен 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы болды.

«Фортуна» тігін фабрикасының мамандары байқауға қатысушыларға топтамаларын МЕМСТ-ке сәйкестендіруге және сериялық шығарылым ерекшеліктерін ескере отырып тігуге көмектерін көрсетті.

Қазір біздің облысымызда жас дизайнерлер өте көп. Біз бұл байқауды қазақстандық өнімнің нарықтағы беделін көтеру үшін ұйымдастырып отырмыз. Үздік модельдер сериямен шығарылады. Біздің фабрика жеңімпазбен келісімшарт жасасып, сериялық тігінді бастайды, – деп түсіндірді «Фортуна» тігін фабрикасы» ЖШС жалпы мәселелер бойынша директоры Динара Бексұлтанова.

Байқауға қатысушылар спорттық костюм, маусымдық күртеше мен желетке тігіп көрсетуі тиіс болды. Байқауға «Бақытты балалық шақ» топтамасымен Айгүл Такирова, «Патриот» топтамасымен Наталья Белокопытова, «Алтын топтама» топтамасымен Сымбат Жақсыбаева және «Мінсіздікке ұмтылыс» топтамасы бар Гүлзат Мұхамедина қатысты.

Балаларға арналған спорт киімдерінің үздік дизайнері болып Наталья Белокопытова танылды. Қазылар алқасы мүшелерінің пікірінше, «Патриот» топтамасының авторы көрермендерге өзінің идеясын жеткізе алды.

Сонымен қатар, ол қосалқы бөлшектерге де назар бөлді. Оның модельдерінде «Патриот» деген жазуы бар сырғалар болды. Мұндай ұсақ бөлшектер де өте маңызды, – дейді қазылар алқасының мүшесі, дизайнер Әлия Абгужинова. Модельдер ретінде 6-дан 12 жасқа дейінгі жас гимнасттар шықты.

Қазылар алқасының құрамына fashion-индустрия, қалалық әкімдік қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының, сондай-ақ, спорттық қоғам өкілдері кірді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button