Спорт

Теміртаулық парадзюдошы күміспен күптелді

Дзюдодан Жапонияның Токио қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында «IBSA Judo Tokyo Grand-Prix 2023» турнирі өткен болатын. Сол турнирде өнер көрсеткен жерлесіміз Даяна Федосова күміс медаль жеңіп алды.

Сурет: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Теміртаулық спортшы облыстық мүгедектер спорт мектебінің өкілі. Былтыр Бакуде өткен әлем чемпионатында ІІІ орын иеленген болатын. Биыл Астанада өткен Азия чемпионатында да топ жарды.

Осы жолы аталмыш турнирден күміс медаль иеленіп отыр. Қарағандылық спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, тек соңғы жекпе-жегінде қарсыласынан айласын асыра алмады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button