Спорт

Теміртауда тең ойнады

Жексенбі күні «Шахтер» «Ақтөбені» қабылдады. Теміртауда өткен матч тең есеппен тәмамдалды. 1:1.
Матчтағы есепті ақтөбеліктер ашты. 36-шы минутта Асланбек Какимов мергендігімен көзге түсті. 0:1.
Қарағандылықтар ойынның соңына жақындағанда таразы басын теңестірді. 77-ші минутта қорғаушы Михаил Габышев «Ақтөбе» қақпасын дәл көздеді. 1:1.
Сөйтіп, «Шахтер» алты кезеңде 9 ұпайды қоржынға салды. Әзірге, турнир кестесінің 5-ші сатысында.
Үздік үштікте – «Астана», «Қайрат» (Алматы), «Тобыл» (Қостанай) бар. «Ордабасы» (Шымкент) – 4-ші орында. «Шахтерден» кейін «Ақжайық» (Орал), «Жетісу» (Талдықорған), «Ертіс» (Кереку), «Ақтөбе», «Қызыл-Жар СК» (Қызылжар), «Атырау» және «Қайсар» (Қызылорда) орналасқан.
«Шахтер» 28 сәуірде «Ақжайықпен» ойнайды.

Нұрқанат Қанафин.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button