Жаңалықтар

Теміртауда өрт қауіпсіздігін ескертудің ерекше әдісі қолданылуда

Теміртау қаласында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін ескертудің  тың тәсілі қолданылуда. Бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментің баспасөз қызметі хабарлады.
“Қарағанды облысының ТЖД және оның бөлімшелерінің қызметкерлерімен халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда.  Құтқарушылар аулаларды аралау және тағы да басқа алдын алу іс-шараларынан бөлек, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізудің түрлі тәсілдерін қолданады.
Теміртау қаласының ТЖ басқармасы сусындар мен құтыдағы судың ірі өндірушісінің демеуімен тапсырыс берушілерге өрт қауіпсіздік шаралары жайында жадынамалар таратылуын ұйымдастырды.
Сонымен қатар , тұрмыстық газды газ балондарымен тасымалдауды жүзеге асырушы «Темир Газ» ЖШС-нің демеуімен балондағы газды тұтынушыларға өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалармен жеткізу ұйымдастырылды. 
Осы уақытта «Оқжетпес» ЖШС-нің көмегімен коммуналдық қызмет төлемдері туралы квитанцияларымен қоса,  пәтер және жекеменшік тұрғын үй иелеріне өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамаларды жеткізу жұмыстары жалғасуда. 
Бұдан басқа, пицца жеткізу бойынша қызмет көрсететін ұйыммен келісімге қол жеткізілді. Енді Теміртау тұрғындары пиццамен бірге алдын алу жадынамалары таратылады”, – делінген ТЖД хабарламасында.
ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерінің қарапайым талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді:
– оқшауламасы зақымдалған немесе қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерін пайдаланбаңыз;
– пешті уақытылы жөндеп, түтіндіктерді күйеден тазалаңыз;
– ақаусыз электр құралдарын қолданыңыз;
– қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбаңыз;
– сіріңке мен тұтандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз. ;
– тек жарамды газ құрылғыларын пайдаланыңыз.

Басқа материалдар

Back to top button