Жаңалықтар

Теміртауда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың өмірін жақсарту мәселесі талқыланды

Теміртауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мәдени-бейімдеу орталығында дөңгелек үстел өтті. Кездесудің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған Ұлттық Жоспар жобасын талқылау.

Осы өзгерістерге қызығушылық танытқан адамдар, дәлірек айтсақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары өз ұсыныстарын білдірді.
– 30 қаңтарда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мүгедектігі бар жандардың барлық салаларда өзін-өзі қалыптастыру және толыққанды интеграциялай алуы шарттарын жақсартуға арналған жаңа Ұлттық жоспар қабылдауды тапсырған болатын. Халықаралық тәжірибеге сәйкес Қазақстанда «мүгедек» терминінен бас тартып, «ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар» ұғымы Заңды түрде бекітілетін болады, – деді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай.
Ол әлеуметтік қызмет көрсетуді қаржыландыру жүйесін жаңғырту ұсынылғанын да атап өтті. Реформалар әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемін арттыруға бағытталған. Бұдан бұрын аурушаңдықты анықтауға және медициналық оңалту шараларына баса назар аударылатын болады. Инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту үшін жағдай жасау міндеттері қойылған.
Ұлттық Жоспар жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоғамдық ұйымдардың басшылары өз пікірлерін білдірді. Барлық ұсыныстар мен ескертулер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі. Вдомство сайтында маңызды құжатты әзірлеуге өз үлесін қосқысы келетіндер үшін қолжетімді «Идеялар жәшігі» ашылды.

Басқа материалдар

Back to top button