Жаңалықтар

Теміртауда қар – қара

             Теміртауда жаңа жылдың алғашқы аптасында-ақ қар екі рет қара күйеге боялды.  Теміртаулықтар әлеуметтік желіде дабыл қағуда.  Жарияланған ақпараттарға сүйенсек,  қаңтардың 2-сі және 6-сында ақ қар қарайып кеткен. 

Әлеуметтік желідегі тұрғындардың алаңына әкімдік бейжай қарамапты. Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ольга Горячева қала әкімінің экология департаментіне осы мәселені анықтау туралы хат жібергенін мәлімдейді. Бірақ, әзірге, жауап жоқ. Сонымен қатар,  әкімдік мұндай  хатты экологтарға 2017 жылы да жолдағаны хақында  дерек бар.

Ал, жалпы алпауыт кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» 2017-2019 жылдың жұмыс жоспарындағы 23 экологиялық жоба  туралы хабарлама таратқан. Соның ішінде, ауаны сақтау бойынша 7 жоба, су ресурстарын қорғауға байланысты 3 жоба бар көрінеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button