АймақБас тақырыпТеміртау
Теміртау тазарып, түрлене түседі
Теміртау қаласында да республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жалғасып,қала аумағы күннен күнге тазарып,түрлене түсуде.
Осы акция аясында бүгін өткізілген сенбілікте қаладағы Қарағанды индустриалдық университеті ғимаратының айналасына 30 қарағай көшеті отырғызылды.
Сондай-ақ 3,3 а ықшам аудандарында орналасқан меншік иелері өз аумақтарында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ал тағы бір жоба бойынша Металлургтер даңғылын күрделі жөндеу қолға алынып,оның бойындағы бақ та абаттандырылу үстінде.
Барлық өткізіліп жатқан шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыру,қоршаған ортаны таза ұстау,сол үшін әр адамның жеке жауапкершілігін арттыруды көздейді.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Суреттер ұйымдастырушылардан