Жаңалықтар

Теміртау тұрғыны жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған

Теміртау қаласының тұрғыны  жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасап, қылғындырмақ болған. Оқиға 30 наурызда түнгі уақытта орын алған.  

 

Жәбірленуші фельдшердің айтуынша, мас ер адам оған ине салып беруді талап еткен. Әйтсе де, сырқат белгісі байқалмағандықтан, фельдшер оның талабын орындаудан бас тартады. Осы кезде ер адам қызға соққы жасап, қылқындыра бастайды. Алайда фельдшер оның қолынан сытылып шығып, дереу станцияға қоңырау шалған. Артынша полиция қызметкерлері мен әріптестері келіп, оны құтқарып алады. 

Қазір аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

Басқа материалдар

Back to top button