Спорт

«Теміртау» – қола жүлдегер

«Теміртау» – ел чемпионатының қола жүлдегері. Жартылай финалдық серияда көкшетаулық «Арланнан» 4:3 есебімен ұтылған жерлестерімізге үшінші орын бұйырды.

Жүлделі орынға «Теміртаумен» қатар атыраулық «Бейбарыс» жайғасты. Ол да қарсыласы елордалық «Номадпен» ойнаған серияда 4:3 есебімен есе жіберген.

Енді, «Арлан» мен «Номад» нағыз мықтыны өзара анықтайды. Төрт жеңіске дейін күш сынасады. 5 сәуірде өткен алғашқы кездесуде астаналық клуб жеңіске жетті. Матчтағы есеп – 2:1.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button