Бас тақырып

Теміртау мен Риддер тұрғындары жылусыз отыр

Теміртауда ҚарГРЭС-1 багерлік сорғы апатты жағдайда ажыратылды, ал, Риддерде БШМ кабелі үзілді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан

ҚарГРЭС-1-дегі багерлік сорғының авариялық сөнуі салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. Жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта температура графигін теңестіру жүріп жатыр. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қала тұрғындарын бұл жағдай негізінен, жылдан жылға осындай келеңсіздіктер қайталанып жатқандығына байланысты ашуландырған.

– «Көшеде аяз, біз жылусыз қалдық, егер жүйе қатып қалса, кім қалпына келтіреді?», «Жыл сайын қайталанатын бір жағдай, құдайым осы қыстан аман алып шықсыншы», – деп жазба қалдырған қала тұрғындары әлеуметтік желіде.

Риддерде, қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 13:50-де БШМ-де кабель үзіліп, нәтижесінде екінші станциялық қазандық агрегатының ажыратылуына себеп болған. Қала тұрғындары пәтерлердің суық екенін айтып, жаппай шағымдануда.

– Кешеден бастап пәтерлерде суық түсе бастады, ал бүгін өте суық…Біз балалармен ауруханаларда жаурап жатырмыз, – деп жазуда қала тұрғындары әлеметтік желіде. Қазіргі уақытта қазандық қондырғысы іске қосылды, температуралық кестеге шығудың жоспарланған уақыты – 23:00. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп түсіндірді әкімдік.

Бұған дейін апат салдарынан Екібастұз, Ақтау, Балқаш тұрғындары жылусыз қалған.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button