Теміртау тұрғынынан коронавирус табылды

Теміртау қаласының 30 жастағы тұрғыны COVID-19 инфекциясынан жұқтырған. Ол бұған дейін індетке шалдыққан адаммен ықтимал байланыста болғандықтан үй карантиніне алынған.

«Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 81 адамға жетті. Оның ішінде бір адам қайтыс болды және бір науқас жазылып шықты», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  

Індеттің таралу аймағына зер салсақ:

Қарағанды қаласында — 44 жағдай;
Теміртау қаласында — 16 жағдай;
Шахтинск қаласында — 7 жағдай;
Саран қаласында — 1 жағдай;
Бұқар жырау ауданында — 1 жағдай;
Шет ауданында — 1 жағдай;
Басқа қаладан келген азаматтар арасында  11 жағдай тіркелген.