Жаңалықтар

Тегін курстар ашылды

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз жүрген қарағандылықтарды тегін кәсіби қайта даярлау курстарына жазылуға шақырады.

Оқу курстары келесі мамандықтар бойынша: тігінші, бухгалтер, жүргізуші, тәрбиеші (тәрбиешінің көмекшісі), маникюр бойынша шебер, аспаз, кондитер, токарь, ағылшын тілі маманы, компьютерлік білім, тағы басқалары.

Қайта даярлау оқуы кезінде 16759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Курсқа жазылуға ниет білдірушілер жұмыссыздар санатында тіркеліп, білім туралы құжаты болуы тиіс.

Тегін қайта оқытуға қатысты сұрақтармен келесі мекен-жайға бару керек: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4 үй, 409-кабинет. Байланыс телефоны: 996-403.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма: 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс – 13.00-ден 14.30-ға дейін. Сонымен қатар, «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» жас азаматтарға «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша жұмысқа тұру мүмкіндігін ұсынады.

Бұл бағдарлама бойынша 2016-2017 жылдары жоғары және орта білім беретін оқу мекемелерін бітірген түлектер жұмысқа орналаса алады.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша келесі мекен-жайға бару керек: Бұқар жырау даңғылы, 51/4 үй, 409-кабинет. Байланыс телефоны: 996-403.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма: 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс – 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қарағанды қаласы

әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button