Тегін үйірме тиімділігі
Қарағандыдағы №2 Оқушылар сарайында жыл сайын 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға арналған үйірмелер көптеп ашылуда. Мұнда балалар квадрокоптерлер мен роботтарды құрастыру және басқару, бағдарламалық жасақтама жасау, микроэлектроника, «Химия және өмір», би, вокал, кескіндеме, қолөнер, фитнеспен үш бағытта айналысуға және тілдерді, соның ішінде қытай және француз тілдерін тегін үйрене алады. Сарай балаларды үйірмеге қатысуға шақырады.

– Мұнда балалар жеті бағыт бойынша құрылған үйірмелерде дайындалады. Мекеме жұмысын бастағалы 62 үйірме ашылса, қазір олардың саны 78- ге жетті. Мұнда квадрокоптерлер мен роботтарды құрастыру және басқару, бағдарламалық жасақтама жасау, микроэлектроника, «Химия және өмір», би, вокал, кескіндеме, қолөнер, фитнеспен үш бағытта айналысуға және тілдерді, соның ішінде қытай және француз тілдерін үйренуге болады. Барлық үйірмелер тегін. Біз 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз, – дейді көпшілік іс-шаралар бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Баданова.
Үйірмелерге e-daryn.kz электронды платформа арқылы жазылуға болады. Өтінім беру үшін ата-аналар сайтта тіркеліп, баланың туу туралы куәлігінің фотосуретін немесе сканерленген көшірмесін, сондай-ақ, белгіленген нысан бойынша медициналық ұйымнан денсаулық жағдайы туралы анықтаманы жүктеуі қажет. Жақында жаңа үйірмелермен таныстыру мақсатында ашық есік күні өткізілді. Оған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінен 150 оқушы келді. Олар үшін экскурсия, «Сколиоз және жалпақ табанның алдын алу», «Жас дизайнер», «Сахна тілі», «Көңілді Қытай», «Қолөнер және керамика», Fit-zone, үстел ойындары, «Не? Қайда? Қашан?», «Ступенька» вокалдық жаттығулары, «Эко-тәжірибе» алаңдары және т. б. Шаралар ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда №2 Оқушылар сарайында барлығы 3846-дан аса бала бар. E-daryn.kz платформасы арқылы қазірдің өзінде 3892 ваучер берілген. Ата-аналардың көпшілігі балаларын бірден бірнеше үйірмеге жаздырады екен.
Еске сала кетейік, № 2 Оқушылар сарайы 2021 жылдың қыркүйегінде ашылған болатын.