Жаңалықтар

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»

2018 жылдың 24 мамырында Қарағанды қ. Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы дала елінің киелі мұралары» республикалық тарихи-экологиялық акциясының «Тағзым» атты II кезеңі аясында, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары, аймақтағы ЖОО ғалымдары мен сарапшылары, саяси қуғын-сүргінге және ашаршылыққа ұшырағандардың ұрпақтары және жас ғалымдар қатысты.

Аталған жиынға қатысушылар тарихи сананы, азаматтық бірегейлікті, қоғамдық келісімді және Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін дамытуға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасының қосып отырған үлесі және мәні мен мазмұны туралы өзекті мәселені талқылады.

 Сонымен қатар, шара аясында қатысушылар Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргінге және ашаршылыққа ұшырағандардың мұражайына барып, зұлмат жылдары жапа шеккен жандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button