Бас тақырыпСпорт

Тарихи жеңіс: Илья Мизерных жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды

Илья Мизерных – шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Канвондағы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

Тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі, деп хабарлады ҚР Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бұл – Қазақстанның қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медалі.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында 2024 жылғы қысқы IV жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button