Жаңалықтар

Тарихи бетбұрыс

   Қарағанды қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Алтын сақа» балабақшасында «Латын әліпбиі – әлемдік кеңістікке бастар жол» атты семинар өтті. Алқалы отырыста бекітілген латын алфавиті жүйесіне дағдылану шаралары сөз болды.

«Алтын сақа» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі К.Ибраева бейнекөрсетілім арқылы баяндама жасады. Тілге машықтану мақсатында латын қарпін қолданып сөз құрастырды. Балабақша бүлдіршіндері «Біз – бақытты балдырған» әнін шырқады.

Іс-шараға Е.Бөкетов атындағы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бектұрсын Қалиев, облыстық тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Жұпар Жақанова, қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Жаркеева және қалалық балабақшалардың қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы балабақшадан басталатыны белгілі. Сондықтан, балабақшадағы іс-шара латын әліпбиіне көшу жұмыстарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы, – деп атап өтті балабақша директоры Ж.Оспанова. Сөз алған Бектұрсын Аманқұлұлы латын әліпбиіне көшудің тиімділігі жайында пікірін білдірді.

Тәуелсіз еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлттық кодымызды нық қалыптастыру мақсатында іске асырылуда. Елбасымыз ұсынған бастама қазіргі таңда кең қолдау тауып отыр, – деді ардагер ұстаз Тілеуғалы Әміртайұлы.

Дөңгелек үстелге жиналған педагогтер көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, пікірлерін айтты. «Алтын сақа» балабақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі К.Ибраева мемлекеттік тілді латын қарпіне көшірудің кезең-кезеңімен іске асырылатындығын айтып, оны игерудің аса қиындық тудырмайтынын атап, дөңгелек үстелді қорытындылады.

Жиын соңында бүлдіршіндер қонақтарға концерттік бағдарламасын ұсынды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button