Жаңалықтар

Тарих жылнамасы

Кеше қаладағы М.Әуезов атындағы №31 кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы бойынша таныстырылым ұйымдастырылды.

Тәуелсіз еліміздің негізі қаланған күннен бергі атаулы әрі айтулы оқиғалары Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында топтастырылған. Кітап тарихи публицистика жанрында жазылған. Қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты. Жаңа туындыда егемен елдің құрылған сәтін кезең-кезеңімен сипаттап, Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде орын алған елеулі оқиғалары мен фактілері жан-жақты талданып, баяндалады.

Тәуелсіздік шежіресін барынша қамтыған кітап төрт бөлімнен тұрады. Әуелі Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы 1991-1995 жылдарды қамтиды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елдегі жағдай, саяси ахуал, көпшіліктің көңіліндегі күдік, халық жағдайының нашарлауы айқын келтіріледі. Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы бөлімі еліміз даму бағытын айқындап, елдің ішінде және одан тыс нақты шараларды қолға алған уақытты сипаттайды. 1996 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықты қамтитын негізгі оқиғалар топтастырылған. Үшінші – Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы бөлімінде жарқын болашаққа қарай қадам басып, дамуға белін бекем буған еліміздің тарихы барынша қанық әрі әсерлі беріледі. Біздің бүгінгі жетістігіміздің бастауы болған Қазақстанның үшінші жаңғыруы, яғни, Қалыптасқан мемлекет болуымыз кітаптың төртінші бөліміне айтылады.

Біз де оқырмандарымызды осы тарихи туындымен тұрақты түрде таныстырып келеміз. Себебі, тұрақты оқырмандармен қатар, жаңадан келетін оқушылар, студент жастар мен үлкендеріміз бар. Еліміздің бүгінгі биігіне жеткенге дейінгі тарихы: қайғысы, қызығы мен қуынышы, әлемге әйгілеген жаңалықтары және тағы басқасы осы кітаптың ішінде жазылған.

Еліміз үшін тәуелсіздік алған осы 26 жылымыз талай ғасыр жүгі мен ата-бабамыздың аманатын арқалаған ерекше кезең ретінде құнды. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуінде, экономикамыздың жедел қарқынмен дамуында, Қазақстан халықтарының өз болашағына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті елдердің қатарына қосылғанымыз Елбасының саясаткерлігі, білгір басшылығы арқасында екені анық. Тәуелсіздігіміздің арқасында ел экономикасы да жыл санап нығайып келеді. Халықтың хал-ахуалына мемлекет тарапынан көңіл бөлінеді. Халықаралық аренадағы еліміздің орны айшықталып, әлем танитын, мойындайтын, санасатын елге айналды. Оның қарапайым ғана мысалы, былтыр Астана төрінде өткен ЭКСПО көрмесі, оған әлемнің әр түпкірінен түрлі мемлекеттердің қатысуы. Бұл біздің еліміздің үлкен жетістігі, абыройы болды. Соның барлығы халықтың қолдауы нәтижесіндегі Елбасы еңбегінің жемісі.

Бірақ, соған жетпес бұрын талай тар жол-тайғақ кешуді бастан өткерген еліміз өз тарихын білсін, мемлекеттің қалыптасуын ұғынсын дейді Елбасы.

«Біздің азаматтарымыз, əсіресе жастарымыз бағдарымыздың не үшін жəне қалай айқындалғанын, тəуелсіз Қазақстанның қандай жағдайда өмірге келіп, құрылғанын, оны қалыптастыруда қандай адамдардың маңызды рөл атқарғандығын, сол кезде қандай оқиғалар болғанын білуге тиіс» дегенді айтады Елбасының өзі.

Осы орайда, кітаптың құндылығы мен маңыздылығына тоқталған кітапхана меңгерушісі Т.Алексеева келген оқырмандарға Елбасының бұл туындысын оқып шығуға кеңес берді. Шара барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілер Елбасының басқа да еңбектерімен танысты. Алдағы уақытта осындай насихаттау кештері жалғасын табатын болады.

Айжан МЕРЕЙХАНҚЫЗЫ,

кітапханашы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button