Руханият

Таным арттырған кеш

Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінде «2023 жылдың атаулы күндері мен мерейтойлары» тақырыбында Ақпарат күні өтті. Дәстүрге сай жыл басында өткен шараның көтерер өз жүгі бар.

Мақсаты – мектеп бағдарламасында кездеспейтін тарихи, мәдени, әдеби фактілерді оқушылардың назарына ұсына отырып, олардың білім деңгейін жетілдіру, танымын арттыру, бағыт-бағдар беру.

Оқырмандарды кітап оқуға қызықтыра отырып, маңызды оқиғалар мен тарихи. фактілерді таныстырған іс-шараға оқушылар, Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің студенттері мен оқырман қауым. қатысты.

Кітапханашы-библиографтар тарихи тұлғалар мен жазушылар, ақындар және басқа да танымал тұлғалардың мерейтойы туралы қысқаша тоқталып, арнайы дайындалған кітап көрмесіне шолу жасады.

Шараның екінші бөлімі «Joyteka.com» білім беру платформасын пайдалана отырып, ойын түрінде өтті. Әр команда мүшелері «Білім-ғылым». «Ақын-жазушы», «Мәдениет», «Тарих» санаттары бойынша берілген ойын сұрақтарына шапшаңдықпен жауап беріп, білімдерін сынға салды.

Жәлел ШАЛҚАР.

Ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button