Жаңалықтар

Танк

Газеттің 14 сәуір күнгі (№41) санында «Сауалына – жауабы» айдарында «Соғыс қаруы» тақырыбымен сауал жолдаған едік. Сауалға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші болып жолдаған – Қарағанды қаласының тұрғыны Амангүл ЖАҚСЫБЕКОВА.

«Орта ғасырдағы шапқыншылық кезінде тас атқыш – катапульт құралын пайдаланған. Тарихта бұл қарулардың соққысы сұрапыл болғандығы айтылады. Аталмыш қару – ширатпа сіңір арқан, тартқыш тарамыс, тас лақтыратын ұзын сапты ожау, темір шығыршық, ұстағыш тиек және қалған бөліктері жыңғыл, сәмбі, тал, тораңғы сынды ағаштардан жасалған. Тас атқыш бір пұттық тасты екі жүз он кез жерге лақтыруға қауқарлы болған. Бұл қару тек қорған бұзуға ғана емес, әбден майланып от қойылған кесектерді қаланың ішіне атып, өрт шығаруға да пайдаланған» делінген хатта.

***
Келесі сауалымызға назар аударыңыздар.
Соғыс тарихында танкты ең алғаш қолданған қай ел?

Сауал сырына үңілген
Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button