Тамила – жеңімпаз
Назарбаев интеллектуалды мектебінің 11-сынып оқушысы Тамила ҚУАНЫШЕВА – республикалық сайыстан І орын жеңіп алды. Сайысқа «Елбасы – ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы жұмысын ұсынған.
Елбасының үлгілі жолын жұмысына арқау еткен Тамиланың өлеңі көпшіліктен ерекшеленген. Сондай-ақ, өлең жолдарына заманауи жастардың Елбасына жолдаған лебізін арқау еткен.
Жалпы, оқушылардың шығармашылығын дамытатын «Дарабоз» оқу орталығының басты ұстанымы да ел болашағына қызмет ететін білімді ұрпақ тәрбиелеу. Оған қоса, орталық оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
«Дарабоз» порталы болса республика бойынша оқу ордаларымен байланыста бола отырып, тәжірибелік ғылыми-конференция, семинар-тренингтер өткізеді. Еліміз бойынша үздік ұстаздардың тәжірибелерін басқаларға үлгі ету мақсатында әдістемелік нұсқаулықтар жинағын шығарады. Сөйтіп, білуге құштар Тамила секілді белсенді оқушылардың жеңіске ұмтылысын арттыруға үлес қосуда.
Өз тілшімізден.