Бас тақырып

Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік бар

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде танымал болу, көп қаралым жинау және «хайп» жасау мақсатында табиғи және тарихи нысандарды әдейі бүлдіру жағдайлары жиілеп барады. Осы ретте Ішкі істер министрлігі Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасына залал келтіргендер заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды. 

Сурет polisia.kz

Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар, ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында.

Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени әрі табиғи объектілерге жазу жазу, оларды зақымдау – заң бұзушылыққа жатады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабына (Вандализм) сәйкес, мемлекет қорғауындағы объектілерді бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ге дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button