Жаңалықтар

Табанды «Теміртау»

      Қазақстан хоккей чемпионатында өнер көрсетіп жүрген «Теміртау» өткен турда жанкүйер қауымды қуантты.

«Алматыны» қабылдаған «Теміртау» овертаймда жеңіске қол жеткізді. Алдымен «Алматы» сапындағы Шестрюков «Теміртау» қақпасына шайба соқты. 18-ші минутта. 0:1.

Үшінші кезеңде теміртаулықтар таразы басын теңестірді. Шабуылшы Евгений Королинский қақпашы Смольниковтан айласын асырды. 1:1.

Ойын овертаймға ауысты. Сөйтіп, Дмитрий Поляковтың 63-ші минуттағы соққысы жерлестермізге жеңіс сыйлады. 2:1.

Тур қорытындысында «Теміртау» 6-шы орынды меншіктеді. 1-ші орында – елордалық «Номад».

«Теміртау» келесі қос ойында атыраулық «Бейбарыспен» күш сынасады. Алғашқы матч кеше кешке өтті.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button