Жаңалықтар

Тағылымды кездесу

    Тұңғыш Президент күніне орай №36 орта мектепте «Тұңғыш Президенттің Қарағанды облысындағы еңбек жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тәрбиелік шараға Президенттің үзеңгілес досы, Құрметті металлург Қуаныш ОМАШЕВ қатысты.

Жиында Елбасының өмірбаяны мен қызметі, елімізді дамыту жолындағы еңбегі туралы оқушылардың білімін тереңдету көзделді.

Дөңгелек үстелді мектеп директоры Сәуле Ізтөлеуова ашып, Елбасының өмір жолына қысқаша тоқталды.

Оқушылар Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі туралы білетін мәліметтерін ортаға салды. 10 «А» сынып оқушысы А.Агулова «Тұңғыш Президенттің Қарағандыдағы еңбек жолы» атты жобаны таныстырды.

Елбасының еңбек жолы бейнеленген «Елбасы жолы» киноэпопеясынан үзінді көрсетілді. Қуаныш Омашев мектеп оқушыларымен сұх­баттасты. Жиынға қатысушылар Елбасының өмірбаянына қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Майталман металлург Президентпен алғашқы кездесуінен бастап, жастық шағын, саясаткер ретінде қалыптасу жолын баяндады. Дөңгелек үстел соңында жас жеткіншектерге батасын берді. Жиын «Үш қоңыр» әнімен аяқталды.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button