Жаңалықтар

Тәжірибе – дәуір айнасы

    Жуырда қарағандылық тәртіп сақшылары мен қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері тұрғындар арасында бөтен біреудің қайғысына ортақтасу, сезімталдық қасиеттерін байқау мақсатында тәжірибе жасады.

Күйеуінен жәбір көрген жанның кейпіне енген волонтерлер тұрғындардан жанұшыра көмек сұраған. Бірақ, олардың айтуынша, көрмегенсіп өткендер қатары көп болған. Бұл  тәжірибе нәтижесі қоғамда өзгелерге қолұшын тигізетіндердің саны аз екенін айқындап берді.

Статистикаға сүйенсек, Қарағанды облысында жыл басынан бері әйелдер құқығының бұзылуы бойынша 15 104 арыз-шағым келіп түскен. Жүргізілген талдау негізінде 18-29 жас аралығындағы 2 892 әйел, 30-49 жас аралығындағы 4 864 әйел және 49-дан асқан 2 915 әйел жәбірленгені анықталды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button