Қарағанды

Тәжірибе Алмасты

  Жақында Әлихан Бөкейхан атындағы атындағы №76 мектепте математика пәнінен семинар өтті. «Математика пәні бойынша оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың әдіс-тәсілдері» атты қалалық семинар-практикумға жиналған мұғалімдер өз тәжірбиелерімен бөлісті. Семинарға қала мектептерінен 42 мұғалім қатысты.

Жиын Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай мектеп мұражайын таныстырудан басталды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жайран Ракишева математика бірлестігінде қызмет атқарған пән мұғалімдерінің еңбектері туралы мәлімет берді. Семинардың теориялық бөлімінде ҚББ әдіскері Гүлнұр Аязбекова «ОЖСБ ережелерімен» таныстырды. №76 мектептің математика, информатика және физика бірлестігінің жетекшісі Гаухар Исатаева, №68 мектеп кешенінің математика пәні мұғалімі Зәмзагүл Ақбаева іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде №76 мектептің математика пәні мұғалімдері Перизат Куржубаева және осы жолдардың авторы, №25 мектептің математика пәні мұғалімі Жанар Есмағамбетованың ұйымдастыруымен «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындау барысын оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің маңыздылығы» тақырыбында коучинг өтті. Игі шараның соңында мұғалімдер семинар мен коучингтің жоғары деңгейде өткенін айтып, баға берді.

Роза ЕШИМЖАНОВА,

Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектептің математика пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button