Жаңалықтар

Тәуелсіздік – ел тілегі

Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» тобына оқушыларды қабылдау салтанатты түрде өтті. Бастауыш сынып оқушыларының арасында «Менің Отанымның ғажайып жерлері» тақырыбында суреттер байқауы болды.

Үздік суреттер іріктеліп, оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды. «Отаным – тәуелсіз Қазақстан» атты барлық сыныптарда сынып сағаттары мазмұнды, ауқымды түрде өтті. Тарих пәні мұғалімдері «Тарих ақтаңдақтары» деген тақырыпта 8-9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушыларға тәуелсіздік ұғымы, сол жолда аянбай тер төккен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызмет жолы жайында терең мағлұматтар беріп, арнайы дайындалған презентациямен таныстырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Тәуелсіздік – киелі ұғым» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларының арасында поэзия сағатын өткізді. М.Омарова Мұхтар Шахановтың «Төрт жыл кешіккен шындық» өлеңін мәнерлеп оқыды. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері спорттық ойындар, түрлі жарыстар өткізді. Апта соңында «Желтоқсан – жаңғырығы егемендік» тақырыбында мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Осындай тәрбиелік іс-шаралар жалғасын табары сөзсіз.

М. МҰҚЫШЕВА,

40 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button