Жаңалықтар

«Тәуелсіздік дәуірі»: Кеше. Бүгін. Ертең

   Өткен жұмада «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті. Н.Гоголь атындағы кітапхананың мұрындық болуымен өткен рәсім «Мирас» өңірлік кеңесінің отырысы аясында ұйымдастырылды. Басқосуда, сондай-ақ, ел Президентінің биылғы Жолдауындағы міндеттер талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар қатарында облыстық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков Елбасының ой-толғаныстарынан тұ­ратын «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының маңызына, мазмұнына тоқталды.

– Бұл еңбек – елдің болашақта қандай қағидаттарға сүйену керектігін көрсеткен бірегей туынды. Менің ойымша, бұл жай ғана кітап емес, бұл – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткенге және болашаққа көзқарасы. Тәуелсіздік жылдарындағы оқиғаларға нақты талдау жасалған. Бұл – фактілер ғана емес, бұл – талқылау, терең пайым мен біздің Президенттің болашақты болжауы. Сол себепті, кітап қашан да қажеттілігін жоғалтпайтын тұтас кезеңнің құжаты болып табылатыны сөзсіз, – деді Бекзат Қомарұлы.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанованың айтуынша, кітапта Елбасының биылғы Жолдауына өзек болған жаңа технологиялар, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізудің маңызды басымдықтары белгіленген.

Кездесудің қатысушылары Жол­даудағы ауыл шаруашылығын қол­дау, көлік-логистикалық инфра­құрылымын жаңғырту бойынша мін­деттердің стратегиялық маңызды­лығын атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік сая­сатты іске асырудағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ерекше ролі де әңгімеге өзек болды. «Бұл бағдарлама – ел дамуының идеологиялық негізі. Бағдарлама біздің негізгі құндылықтарды – халықтың бірлігін нығайтып, тарихы мен мәдениетін жаңғыртады және жарқын болашаққа ұмтылуды насихаттайды», – деп атап өтті облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын.

Отырыста «Мирас» өңірлік кеңесінің алдағы көшпелі жиындары мен «Мәдениет пен өнерді дамыту», «Бірлік және келісім», Тіл саясатын талдау және мониторинг бағытындағы жұмыс топтарының жоспары да талқыланды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button