Тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің тарихи алғышарты

    Тәуелсіз Қазақстанның ең ұлы мерекесі – 25 жылдық мерейтойын атап өтуге санаулы күндер ғана қалды. Шынымен де, бұл қысқа мерзім болғанымен, осынау жылдардың біздің Отанымыз үшін қаншалықты күрделі, тағдыршешті болғанын біз жақсы білеміз. Елдің табыстарын арттыруға деген ықылас пен ұмтылыстың қаншалықты тәуекелді болғаны осы жиырма бес жылда жақсы көрінді.

1991 жылдың 16 желтоқсанда еліміздің Президенті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойғанда аз ғана топ болмаса, көп адамдар Қазақстанның 25 жылдан кейін осындай зор табыстарға қол жеткізген ел боларына сенбеген еді. Одан басқа, тіпті, Қазақстан тәуелсіз ел ретінде КСРО-дан қалған экономикалық, саяси және экологиялық проблемалардың ауыр салмағынан сансырап, шашылып қалады деген сарапшылар да табылған. Бірақ біздің ел ауыртпалықтың бәрін еңсере отырып, әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшелерінің біріне айнала білді. Бүгінгі күні біздің мемлекетіміз әбден пісіп-жетілген, тәуелсіз ел болып отыр. 25 жылдың ішінде бізде барлық мемлекеттік басқару құрылымының институттары мен азаматтық қоғамның элементтері дамыды.

Әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістер саяси және құқықтық жүйелердің түбегейлі реформаларымен бірге іске асып отырды. Осының өзі Қазақстанның берік құқықтық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Уақыт өткен сайын қазақстандық саяси-құқықтық модель заңдардың орындалуы мен мемлекеттің беделін нығайтып, Конституцияның мызғымастығын қамтамасыз етті.

Қазақстан демократиялық мемлекетке тән іс-әрекетке тиісті ұстанымдарды тегіс бекітті. Біздің Конституциямызда демократияның, адамгершіліктің және әділеттің идеалдары көрініс тапты.

«Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалар жөніндегі» мемлекеттік бағдарламаның алғашқы құжаты 1994 жылдың 12 ақпанында қабылданды. Бұл құжатты іске асырудың ең басты жетістігі – ұлттық заңнамаларды (конституциялық, азаматтық, банктік, салықтық, қаржылық, кедендік, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу) түбегейлі жаңғыртуға қол жеткізілді.Сонымен бірге, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары, қала берді Қазақстанның барлық заңнамалық инфрақұрылымы кезең-кезеңмен реформаланды.

Екінші құжат – 2002 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымы» деп аталады. Онда 2010 жылғы кезеңге арналған құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

Мұнда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын одан әрі қамтамасыз ету үшін құқық қорғау жүйесі мен әділсот шешімдерін шығарардағы соттардың тәуелсіздігін нығайту жолдары заңдық деңгейде шешімін тапты. Соның ішінде, әсіресе, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша құқықтық және материалдық кепілдіктер жасалды. Өлім жазасы тек адамдардың қаза болуына соқтырған террорлық қылмыстарға және соғыс уақытындағы аса ауыр қылмыстарға ғана қалдырылды, мұның өзі Қазақстан жағдайында оны атымен жоюға мүмкіндік берді. Соттың тұтқындауға санкция беру тәртібі енгізіліп, қылмысты істі прокуратура мен соттың жүргізу мүмкіндігіне тыйым салған конституциялық норма өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында пайда болған омбудсмен мен жеке нотариат институттары дамытылуда. Азаматтар мен ұйымдардың құқын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері: медиация және сот актілерін жекеменшік негізде орындаулар өмірге енгізілді.

Елдің одан арғы тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатымен 2007 жылы енгізілген конституциялық қөзгерістер Президент пен Парламенттің рөлін арттырды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз мемлекетімізді құрушы және іргесін қалаушы ретіндегі тарихи миссиясы заң жүзінде танылып, ол Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болды.

Жоғарғы өкілді органның Үкімет құрамын жасақтауды бақылауы күшейтілді, сонымен бірге, оның мемлекеттік бюджетті құру мен оның орындалуын бақылаудағы өкі-леттіктері айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен қатар, мемлекет норманы белгілеу үдерісін жаңа сапалы деңгейге көтеретін шаралар қабылданды. Олардың қатарында заң жобалары іс-әрекетін перспективалық жоспарлау, құқықтық нормативтік актілердің жобаларына ғылыми сараптама жасау, қабылданатын заңдарды толығымен қаржылық тұрғыда қамтамасыз ету сияқтылар. Яғни, мемлекеттің құқықтық саясаты қоғамымыздың заңнамалық-саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға бағытталған заңнамалық шаралар болып отыр.

Сонымен бірге, әлемдік экономика мен саясаттағы іргелі өзгерістер мен ел дамуының ішкі динамикасы заңгерлер алдына жаңа міндеттер қоюда. Ұлттық құқықтарды уақыттың жаңа талаптарына сәйкес келтіру үшін мемлекеттік жаңа норма жасау және құқық қолдану әрекеттерін одан әрі жетілдіру қажет болды.Осыған байланысты мемлекет Басшысының Жарлығымен 2009 жылдың 24 тамызында «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы» атты үшінші бағдарламалық құжат қабылданды. Ол алдағы он жылға (2010-2020 жылдар аралығы) арналған. Онда жинақталған тәжірибелер мен ғылыми негіздер арқылы жақын және алыс перспективаларға, бүгінгі күнгі даму үрдісіне сүйеніп жасалған Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық біртұтас құқықтық саясаты айқындалған.

Тәуелсіздігіміздің өткен 25 жылы ішінде Ата заңымыздың талаптарына сай 2009 жылдың тамыз айында қабылданған 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасымен еліміздегі құқықтық жүйенің жаңа кезеңі басталды. Оның қабылдануымен ұлттық заңнама жүйесі жетіле түсті. Осыған орай елімізде бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, ал кейбіреулеріне өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, Орман, Жер, Кеден ісі, Су, Еңбек, Бюджет, Салық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Азаматтық-процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық, Кәсіпкерлік, Неке (ерлі — зайыптылық) және отбасы кодекстері қабылданды.

Реформаға негізделетін маңызды қадам қылмыстық жазалау саясатын ізгілендіру болып табылады. Елбасы қылмыстық заңнама мен сот төрелігін құқықтық мемлекет стандарттарына келтіру, қылмыстық жауаптылық пен жазалаудың репрессивтілігі мен ауырлығын азайту, қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылық кепілдіктерін күшейту міндетін қойды.

«Ізгілендіру» үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту, онша ауыр емес қылмыстар бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны алып тастау, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды қолдану аясын кеңейту, кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығын жеңілдету сияқты негізгі бағыттар бойынша жүргізілді. Тұтас алғанда ұсынылып отырған шаралар кешенін іске асыру бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік берді. Мемлекеттік мүддегезиян келтірген қылмыстар ту-ралы істер бойынша тараптарды бітімге келтіру институтын пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді.

Отандық заңнамалық құрылымдардың, құқықтық жүйенің өзекті мәселесі, ең жоғары құндылығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында көрсетілген адамның өмірі, құқығы және бостандығы болып табылады. Бұл біздің еліміз үшін өзінің азаматтарын қорғаудан артық міндет жоқ екенін көрсетеді.Адамның құқығы мен бостандығына кепілдік беріле отырып, мемлекет оған қолсұғушылыққа қарсы мемлекеттік тетіктер құрған, сонымен бірге, адам өзін-өзі заңсыз іс-әрекеттерден заңға қарсы келмейтін әдістермен қорғану мүмкіндігі бар жеке субъект ретінде танылған. Жеке адам мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынаста адамның құқығы мен бостандығын қорғау міндеті соттар мен құқық қорғау органдарына жүктелген.

2015 жылдың 20 мамырында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды» жариялады. Бұл жоспардың 2 бөлімі заңның үстемдігін қамтамасыз етугебағытталды.Сонымен бірге, Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін одан әрі оңтайландырып, біліктілікті барынша нақтылау қажеттігін және есеп беру жүйесі мен әрбір құқық қорғау органының іс-әрекетінің бағасын беруде парламенттік және қоғамдық қатаң бақылау болуы керектігін айтты.

Қорыта келе айтарымыз, бізде тиімділігі жеткілікті дәрежедегі құқықтық кеңістік орнады деп сеніммен айта аламыз. Десекте, елімізде қазірдің өзінде көптеген құқықтық реформалар болып жатыр.Әрине, жаһандық мәселелер, техникалық үрдістің шапшаң дамуы, жаңаша ұмтылыстар мен бағыттар ұлттық мүддемізге сай келетін мемлекеттік салихалы саясатпен жүзеге асырылғаны жөн. Бұл дегеніміз – Қазақстан халқының және қазақ ұлтының ділін, тарихын, тағылымын, ұзақ ғасырлар бойы қанымызға, жанымызға сіңген, адамгершілік пен имандылықты, толеранттылықты насихаттайтын заңдар жүйесін ескеріп, Қазақстан қоғамының кәдесіне жарату деген сөз. Ал ұлттық құқықтық жүйені одан әрі жетілдіру қазақстандық жеке адамның мүддесін, оның құқығы мен бостандығын қорғау кепілдігін арттыра түседі.

Г.Б. Қаржасова,

ҚҚЭУ заң ғылымдарының PhD докторы.

А. Амантай,

ҚҚЭУ аға оқытушысы.

А.С. Орынбеков,

ҚҚЭУ аға оқытушысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.