Жаңалықтар

Төртінші сатыға көтерілді

    Жоғарғы хоккей лигасында ойнайтын қарағандылық «Сарыарқа» қытайлық «Хэйлунцзянмен» кездесіп, жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде алғашқы болып есепті жерлесіміз Даниил Ердаков ашты. Ойынның екінші бөлігінде «Хэйлунцзян» клубының мықтысы Ян Ху таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде «Сарыарқаның» мергені Евгений Назаркин қонақтардың қақпасына шайба салды. Бұл ойында 2:1 есебімен «Сарыарқа» командасы жеңіс жалауын желбіретті.

29 қаңтарда «Сарыарқа» хоккей клубы Новокузнецк қаласының «Металлург НК» хоккей клубымен ойнайды.

Әзірге, Жоғары хоккей лигасының турнир кестесінде Санкт-Петербургтің «Динамо» хоккей клубы 103 ұпаймен алдыңғы орында. Екінші орынға «СКА-Нева» командасы 96 ұпаймен орналасты. «Зауралье» (Қорған қаласы) командасы мықтылық танытып, 93, ұпаймен үшінші болып тұр. «Сарыарқа» хоккей клубының жинаған 88 ұпайы жерлестерімізді турнир кестесінің төртінші сатысына көтерді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button